Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Қ. ЖҰБАНОВ атындағы АӨУ СТУДЕНТТЕРІНЕ «НАШАҚОРЛЫҚ ПЕН ЕСІРТКІ БИЗНЕСІН АЛДЫН АЛУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ҚОНАҚ ДӘРІС

8.11.2023

Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023 – 2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 7 қарашада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе заң институтының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Н.Ж. Мұхаметқалиев Қ. Жұбанов атындағы АӨУ студенттеріне «Нашақорлық пен есірткі бизнесін алдын алудың өзекті мәселелері» тақырыбында қонақ дәріс өткізді.

Дәрістің мақсаты жастар ортасында есірткіге қарсы тұрақты дүниетанымды қалыптастыруға жәрдемдесу, олардың зиянды әдеттерден бас тартуға және есірткіні пайдалануды болдырмайтын салауатты өмір салтын қалыптастыруға мотивация жасау, сондай-ақ әртүрлі нысаналы топтар арасында нашақорлықтың алдын алуды жүзеге асыру болды.

Дәріске 700-ден астам студент қатысты.