Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Полицейлер жиналысы

Полиция жиналысы – ІІО-ның беделін сақтауға және нығайтуға, басшыларға қызметтік тәртіпті нығайтуға, қатардағы және кіші басшы құрамның қызметкерлерін кәсіби және рухани-адамгершілік тәрбиелеуге, оларға моральдық, кәсіби және психологиялық қолдау көрсетуге арналған тұрақты жұмыс істейтін ұжымдық қызмет органы.

Арнайы кәсіби даярлық курс тыңдаушыларымен полицейлер жиналыстары өткізіледі. Жиналысқа төраға ретінде институт бастығының көмекшісі полиция полковнигі   М.Б. Алғожаев қатысып, төмендегідей сұрақтар қарастырылады:

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - photo_5386841939804017638_y-1-247x300.jpg

1.  Алғашқы кәсіби даярлық курс тыңдаушылар арасында әскери-қызметтік тәртіптің сақталуын, күн тәртібінің орындалуын қадағалау.    

2.   Оқу үлгерімі, казарма үй-жайында тұру тәртібін жеткізу.

3.  Тыңдаушыларға мемлекеттік мекемелерде смартфон, планшет пен смартсағаттарды қолдануға тыйым салынатындығы туралы ескерту.

4.  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жалпы Әскери Жарғыларына сай нысанды киім үлгісін кию және жарғыдан тыс әрекетке бармау.

5.  Оқу барысында тыңдаушылардың жеке бас гигиенасының тазалығын және жататын орындарының, киім сақтау қоймаларының, оқу аудиторияларының тазалығына мұқият болу.

6.  Институт аумағында өрт қауіпсіздігін сақтау, кезекшілік кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтап өз міндеттерін  дұрыс атқару және күнделікті тазалық  кезіндегі қауіпсіздік ережесі.

7.  Тыңдаушыларға алкогольдік ішімдіктерді, есірткі қолдануға не болмаса тасымалдауға  тыйым салынуы туралы.

8.   Институт аумағынан тыс жерде тыңдаушылар қоғамдық тәртіпті сонымен қатар жол жүру ережелерін ӘҚТ қатаң сақтау.

Алғашқы кәсіби даярлық курс тыңдаушылары

2 қараша күні институт бастығының орынбасарлары полиция полковнигі С. Каракушев, полиция полковнигі Т. Сүлейменов, институт бастығының көмекшісі полиция полковнигі М. Алгожаев, идеологиялық және имидждік жұмыс бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ж. Жукаева, жеке құрам инспекциясының аға инспекторы полиция капитаны Б. Үсенов бастапқы кәсіптік даярлық курстарының тыңдаушыларымен кездесу өткізді.

Кеңес барысында тыңдаушылармен қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің біріне айналған ішкі тәртіп, оқу процесі, сондай-ақ құмар ойынға тәуелділік (лудомания) туралы әңгіме жүргізілді. Оның ішінде ойынға тәуелділіктің аяқталуы қандай қадамдарға әкелетіні, оған қандай адамдар бейім екендігі, лудоманияның қалыптасу кезеңдері және ең бастысы, мұндай тәуелділік туындаған жағдайда әрекет ету тәсілдері түсіндірілді.