Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Кәсіби бағдар беру бойынша Ыргыз ауданының мектептерінде жұмыс жүргізілді

1.02.2024

Кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде дене шынықтыру кафедрасының доценті полиция майоры А.Қ.Қосмұратов Ақтөбе облысы Ыргыз ауданының жалпы орта білім беретін мектептерінің 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді, олардың барысында оқушыларға Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына түсу шарттары, сондай-ақ құқық қорғау органдарында қызмет өткерудің келешегі жеткізілді, осы тақырып бойынша бейнеролик таныстырылды.

Кездесулер барысында оқушылар белсенді қатысып, өздеріне қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптарын алды.

Кері байланысты қамтамасыз ету үшін мектеп басшылығына талапкерлер үшін WhatsApp-қа топтың сілтемесі жіберілді.