Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

ИНСТИТУТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ Д. ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ 10-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

18.11.2023

Қазақстан Республикасы ІІМ алқасының шешімін іске асыру шеңберінде кәмелетке толмағандар арасында құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және құқықтық тәртіп мәдениетін қалыптастыру бойынша, 2023 жылғы 18 қарашада кәсіби даярлық факультетінің бастығы полиция полковнигі Д.А. Амангелдиев, ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының доценті полиция подполковнигі В.В. Хасанова және қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі С.М. Минайдаров Ақтөбе қаласы Д. Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының 10-11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.

Аталған іс-шара барысында жастар арасында мектеп буллингінің, нашақорлықтың және есірткі қылмысының алдын алу сияқты заманауи қоғамның өзекті мәселелері қаралды. Бейнематериалды көрсете отырып, осы саладағы жауапкершілікті көздейтін Қазақстан Республикасының әкімшілік және қылмыстық заңнамасының нормалары түсіндірілді.

Сонымен қатар, бакалавриат бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына оқуға түсу бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді.

Институт басшылығы мектеп-гимназия әкімшілігіне бірлескен жемісті жұмысы үшін алғыс білдіреді және өскелең ұрпақты тәрбиелеу бойынша жұмыста табыс тілейді.