Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Дәріс

22.09.2021

Ішкі істер органдарына білікті кадрларды даярлау мақсатында институт аумақтық ішкі істер органдарының практикалық қызметкерлерімен тығыз байланыста болады. Қандай да бір құқық қорғау органының практикалық қызметкерінің шақыруымен өткізілетін сабақтар тыңдаушылардың курста оқытылатын пәндердің теориялық ережелерін неғұрлым терең меңгеруіне ықпал етеді.

Институтта ағымдағы жылдың 13-16 қыркүйегі аралығында кәсіби даярлық факультетінің ұйымдастыруымен, алғашқы кәсіби даярлық факультеті тыңдаушыларының сабақтарына Ақтөбе облысының желілік полиция бөлінісі бастығының орынбасарлары қатыстырылды. Олар, Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Таскенов Даниар Нармагамбетович «Жылжымалы құрамнан мүлік ұрлығын тергеу ерекшеліктері» тақырыбы бойынша, Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімі бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Сундетов Нуртас Наренович «Қылмыстық істерді тергеу үшін маңызы бар темір жол көлігінің тасымалдау құжаттарын зерделеу» тақырыбы бойынша, Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Есалин Ержан Тулегенович «Көліктегі ІІО патрульдік полициясы саптық бөлімшелерінің жолаушылар поездарын алып жүру жөніндегі нұсқаулық» тақырыбы бойынша дәріс оқыды.

Дәріс сабақтарының негізгі мақсаты көлік полицейлеріне жүктелген негізгі міндеттер мен күнделікті жұмысқа қатысты барлық қызмет салаларын түсіндіруге бағытталған,  осы сабақтарды өткізу практикасы тыңдаушыларды оқытудың барлық кезеңіне жоспарланады.

КД факультетінің

оқытушы-әдіскері

полиция капитаны                                                  Жайлаубаева Ш.Т