Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Ақтөбе қаласының №3 ОМ орта білім беретін мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу туралы ақпарат

12.01.2024

12.01.2024 жылы 10.00 мен 11.30 сағат аралығында ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі
А.Б. Жаманов мемлекеттік және орыс тілінде 11 сынып оқушыларымен (75 адам) ҚР ІІМ М. Бөкенбаев Ақтөбе заң институтына оқуға түсу туралы брошюралар және бейнероликтер көрсетумен кездесу өткізді.

Кездесуге мектеп басшылығы мен сынып жетекшілері қатысты.

Кездесудің мақсаты мектеп оқушыларына институтқа түсу шарттарын, сондай-ақ құқық қорғау органдарында қызмет өткерудің келешегін жеткізу болды.

Кездесу барысында оқушылар белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, сондай-ақ кері байланысты қамтамасыз ету үшін мектеп басшылығына талапкерлерге арналған ватсап-топқа сілтеме жіберілді.