Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Ақтөбе қаласының № 29 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу

18.01.2024

2024 жылғы 18 қаңтарда Ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері полиция полковнигі М.Ж. Найманбаев «Ақтөбе қаласының №29 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 11 сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына түсу туралы брошюралар, бейнероликтер және презентациялар көрсетумен кездесу өткізді. Кездесуге мектеп басшылығы қатысты.

Кездесудің мақсаты мектеп оқушыларына Институтқа түсу шарттарын, сондай-ақ құқық қорғау органдарында қызмет өткерудің келешегін жеткізу болды.

Кездесу барысында оқушылар белсенді қатысып, Институтқа түсу, жеңілдікті жағдайлар мен қызмет перспективалары туралы сұрақтар қойды.

Бұл кездесу өз мақсатына жетті. Кәсіптік бағдар беру жұмысының өзекті мәселелері толық көлемде қаралды.