Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Ақтөбе қаласының «БІЛІМ» мектеп-гимназиясының оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысы

19.01.2024

19.01.2024 жылы сағат 10.00-де ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Н.А.Думов Ақтөбе қаласының «Білім» гимназиясының 11 сынып (210 адам) оқушыларымен кездесу өткізіп, М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына түсу туралы брошюралар, бейнероликтер мен презентациялар көрсетті. Кездесуге мектеп басшылығы мен сынып жетекшілері қатысты.

Кездесудің мақсаты мектеп оқушыларына институтқа түсу шарттарын, сондай-ақ құқық қорғау органдарында қызмет өткерудің келешегін жеткізу болды. Кездесу барысында оқушылар белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, сондай-ақ кері байланысты қамтамасыз ету үшін мектеп басшылығына талапкерлерге арналған ватсап-топқа сілтеме жіберілді.