13.08.2025



2025 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасы ІІМ
Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қабырғасында 7М12301 – «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми-педагогикалық магистратураға түсуге үміткерлер үшін түсу емтихандарының екінші кезеңі өтті.
Емтихан комиссиясы оқуға түсушілердің дайындық деңгейін бағалады және рәсім аяқталғаннан кейін нәтижелерін жариялады. Барлық қатысушылар емтихан қорытындыларымен танысты және конкурстық іріктеудің келесі кезеңдері бойынша қажетті түсініктемелер алды.
Қабылдау процесі барлық кезеңдерде объективтілік пен ашықтықты қамтамасыз ете отырып, белгіленген ережелер мен ашық рәсімдерге қатаң сәйкес өтуде.







