28.10.2021
«Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қоры Ішкі Істер Министрлігімен бірлескен «Демократиялық полицияның сервистік-бағдарланған моделі» жобасы аясында 2021 жылғы 18-22 қазан аралығында Алматы қаласында «Эмоционалды зият» тақырыбы бойынша өткізген оқу курсы мен оқыту тренингіне Ғылыми-зерттеу орталығының бастығы полиция полковнигі Т.Е. Сүлейменов және кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Т. Е. Бисенова қатысты.
Оқу курсында эмоционалды зият ұғымы және оның даму жолдары, эмоциялардың себептерін талдау және түсіну, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметкерлерінің жұмысының тиімділігіне эмоционалды зияттың әсері қарастырылды.










