Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Ел қорғайтын қызмет» тақырыбында интеллектуалдық ойын

4.12.2021

Кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасының оқытушыларымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ел қорғайтын қызмет»  тақырыбында алғашқы кәсіби даярлық курсының 13 және 16 оқу тобы тыңдаушылар арасында 3 желтоқсан күні интеллектуалдық ойын ұйымдастырылды.
Интеллектуалдық ойынның мақсаты: Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан – жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру.
Ойын барысында 16 взвод тыңдаушысы Юнусов Фахриддин «Государственная независимость Республики Казахстан» баяндамасын оқып,  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл ішіндегі тарихи оқиғалар панорамасымен таныстырды.
     Тыңдаушылар жарысқа үлкен қызығушылық танытып, қойылған сұрақтарға белсенді жауап берді. Командалар грамоталармен марапатталды.