Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«ЕҢСЕСІ БИІК ҰЛЫ КҮН!»

8.05.2024

Жастарға патриоттық тәрбие бере отырып, саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу мақсатында институт тыңдаушылары 8 мамыр күні Ақтөбе қаласының Т.Ахтанов атындағы драматеатырында өткен Жеңіс күніне арналған әдеби музыкалық кешке қатысты.
Театр актерлары жастарға Ұлы Отан Соғыс жылдарындағы қиыншылықтар мен апаттарға қарамастан, адамдардың жүрегінде өмір сүруге, күресуге және жеңіске жетуге деген ұмтылысты сезіндірді.