Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Димаш Құдайбергеновтің анасы Светлана Айтбаевамен кездесу

19.03.2019

2019 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев Ақтөбе заң институтының әйелдер кеңесі мен институт қызметкерлері 1 «А», 1 «Б» және 2 «А» курс курсанттарымен облыстық мәслихат депутаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, сондай-ақ жас және әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеновтың анасы Светлана Ермекқызы Айтбаевамен кездесу өтті. Светлана Ермекқызы болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі қазақ әйелінің рөлі туралы сөз қозғады.

Кездесудің мақсаты — дәстүрлі отбасылық тәрбиенің негізгі принциптерін қалыптастыру, болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі ананың рөлін көрсету, әйелдердің отбасылық міндеттері мен олардың маңыздылығын белгілеу.

Курсанттарға Димаш Құдайбергеновтың шығармашылық қалыптасуы, әншінің жеке өмірі туралы алғашқы ауыздан білу қызықты болды. Өз сөзінде Светлана Айтбаева ұлы туралы, өзінің тәрбие тәжірибесі туралы, оның шығармашылығы туралы айтып өтті.

Шара соңында Светлана Ермекқызы барлық қатысушыларды келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, оқуда және жұмыста табыс тіледі.

Институттың әйелдер кеңесі