22.02.2023
Деструктивті идеологияның таралуының алдын алу, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың ережелерін түсіндіру, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау және дәріптеу бойынша тәрбие және идеологиялық жұмысты күшейту мақсатында «Деструктивті діни ағымдар: белгілері, алдын алу жолдары» тақырыбында институт тыңдаушылары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін АНСАР ақпараттық-талдау орталығының қызметкерлері теолог Искаков Медет Нұрлыбекұлы және психолог Ақжол Нұрланұлы Қасенов шақырылды.
Орталықтың мамандары деструктивті діни ағымның белгілері, қауіптілігі мен сақтану жолдары бойынша дәріс жүргізіп деструкивті діни ағымдардың психологиясына тоқтап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.












