12.02.2018
Денсаулыққа қамқорлық – бұл ең маңызды еңбектің бірі. Біздің рухани өміріміздің тәуелділігі — өмірсүйгіштік пен сергектіктен, дүниетаным мен ақыл-ойдың дамуы, білімнің беріктігі, әрі өз күшімізге сенуден тұрары сөзсіз.
Осыған орай, 10 ақпанда денсаулық күні аясында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының әскери және дене шынықтыру кафедрасы офицерлер мен олардың отбасы мүшелеріне арнап «Солнечный» турбазасында мәдени-кешендік демалыс ұйымдастырды.
Аталған іс-шараның өткізілу мақсаты – офицерлердің салауатты өмір салтын ұстануда қажеттілік пен пайдалы әдеттерін қалыптастыру.
Осындай іс шараларға жиі қатыса отырып және табиғат аясында демалып, адамда дене даярлығымен айналысуға деген ұмтылыс пайда болады.
ӘжДШД каф.оқытушысы
полиция аға лейтенанты
Таласбаев Н.