Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Демалыс – жақсы  көңіл-күй мен қуаттану кепілі

12.02.2024

2024 жылғы 11 ақпанда ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды арттыру, қоғамдастық дағдыларын, қоғамдық орындардағы мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жағымды эмоциялар алу мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының  алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларына  Ақтөбе қаласы бойынша экскурсия ұйымдастырылды, оның барысында АКДК тыңдаушылары “Keruen City” ойын-сауық орталығына барды.

Кинотеатрға бару орталықтың аумағында орналасқан қоғамдық тамақтану орталығына  барумен қатар жүрді, онда қаралған фильм белсенді талқыланып, тыңдаушылар жағымды әсерлерімен бөлісті. Жалпы, ойын-сауық орталығына бару жағымды эмоциялармен қоса, оқу аптасынан кейін демалу,сондай-ақ адамдармен және қаламыздың көрікті жерлерімен байланысу және танысу құралы болды.