10.03.2020
Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратында 2020 жылдың 10 наурыз айында Ақтөбе облысы кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Асқар Амангелдіұлы Көкеевтің төрағалығымен “Дауларды медиация әдістерімен шешу” тақырыбында семинар өтті. Семинарға Ақтөбе облысының күзет агенттіктерінің басшылары мен өкілдері қатысты. Медиаторлар: Е.А.Улгай, А.А.Кушаев,
Б.С.Рахметов, Ш.Д.Дюсова, сондай-ақ, күзет қызметін бақылау бөлімінің басшысы полиция майоры Шитанова Г.Б., ІІО әкімшілк қызмет кафедрасының оқытушысы полиция майоры А.А. Алмагамбетова және ҚР ІІМ М.Бөкенбаева атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі Н.Т.Саханова.
Семинар аясында Қазақстан Республикасындағы медиация институтының даму проблемалары мен перспективалары, атап айтқанда дауларды дербес реттеу бойынша қорғау агенттіктері өкілдерінің қатысуымен дауларды шешу және медиаторлардың осы тұрғыда көмек көрсету мәселелері қаралып,Қазақстан Республикасындағы медиация мүмкіндіктері туралы халықтың хабардар болмауы, құқық қорғау органдарының қатысуынсыз жанжалдарды шешу тәсілі ретінде медиация институтының мүмкіндіктерін жария ететін ақпараттық-анықтамалық материалдар мен әлеуметтік бейнероликтердің болмауы мәселелері талқыланды.
Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру аясында қылмыстық саясатты ізгілендіру мен процессуалдық рәсімдерді оңтайландырудың өзекті мәселелері белгіленді.











