14.03.2020
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып,-
деген өлең жолдарынан ұлы ақынымыздың асқан музыкалық қабілетін, музыканы жан-тәнімен сүйгенін, қазақтың халық музыкасын жақсы білгенін аңғарамыз.
Абай әндері – біздің ұлттық мақтанышымыз. Абай әндерінен біз қазақ даласының табиғатын, қазақ өмірінің шындығын, халықтың сезім-сырын, арман-тілегін, ұлттық ерекшелік қасиеттерін түгел көріп сезінеміз.
Құрметті әріптестер, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында өтіп жатқан шараларды біз, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты, шын жүректен қолдап, ұлы ақынның шығармаларын насихаттауға үлес қосамыз.
Абай мұрасының бірі болып табылатын әндер эстафетасын біз Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына жолдаймыз.







