Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жаңалықтар

Кездесу сабағы

24.09.2025

2025 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының профессорлық-оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» Өңірлік қолбасшылығының батальон штаб бастықтарымен және бастығының аға көмекшілерімен бірлесіп «Әскери қызметшілердің патрульдік посттық қызметті атқару барысында туындайтын штаттан тыс жағдайлар кезіндегі іс-әрекеті» тақырыбында кездесу сабағын өткізді.

Ішкі істер органдарының тұрақты және ауыспалы құрамының қызметкерлері арасында суицидтің алдын алу

23.09.2025

2025 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында институт бастығы орынбасарының қатысуымен инспектор-психологтар «Ішкі істер органдарының тұрақты және ауыспалы құрамының қызметкерлері арасында суицидтің алдын алу» тақырыбында жұмыс тобының отырысын өткізді. Отырыста өзекті мәселелер талқыланып, ұсыныстар берілді.