Полициядағы қызметтің беделі жыл сайын артып келеді. Ішкі істер органдарында қызмет етуге бет бұрған жастардың саны көбeюде. 14 тамыздан бастап Ішкі істер органдарына іріктеуден өткен үміткерлер Институтқа әкімшілік қызмет бағытында қысқа мерзімді оқуға (екі ай) қабылдануда.
12-тамыз халықаралық жастар күніне орай институтымыздың қызметкерлері ІІМ жоғары оқу орындарына түсу қағидаларын түсіндіру бойынша тиісті жұмыс жүргізу мақсатында “Жастармен бірге!” атты жәременкесіне қатысты.
10 тамыз Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың тұған күні. Бұл күн күнтізбеде Абай поэзиясы күні деп жазылған. Ақын мұрасын қолдану өскелең ұрпақтың ақыл-парасаты биік болуына, рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға, ұлттық тәрбиені дарытуға ықпалы зор. Ақтөбе заң институттың жас қызметкерлері Абай өлеңдерін өмірлерінің басты ұстанымына айналдырып, шығармашылығынан мол тағылым алып келеді.
Қазақстан полициясы күніне орай оқу орнымызда өткен салтанатты жиналыста институт бастығы полиция полковнигі Н.Ж.Мұхаметқалиев жеке құрамды төл мерекелерімен құттықтап, кәсіби жеңістер мен жетістіктер, еңбектеріне шабыт пен табыс тілеп, қызметтік міндеттерін атқаруда айтарлықтай нәтижеге жеткен қызметкерлерге ІІМ-нің, институттың бұйрықтарымен арнайы марапаттар табысталды.Сонымен қатар, жас мамандарды тәрбиелеуде өз тәжірибелерімен бөлісіп, қолдау көсетіп …
Қазақстан полициясы күні қарсаңында Ақтөбе заң институты мен Ақтөбе облысы судьяларының командалары арасында волейболдан жолдастық матч өтті. Іс-шараның мақсаты – дене шынықтыру мен спортты насихаттау, денсаулықты сақтау және нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
16 маусымда Ақтөбе облысының Тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Мемлекеттік қызметшілер күніне орай жергілікті мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында «Мен – мемлекеттік қызметшімін!» облыстық тілдік іс-шара өткізілді. Байқауға қатысып, «Өзін-өзі таныстыру», «Тарих тағылымында», «Терминдерді білеміз бе?», «Ойтолғау» кезеңдері бойынша тапсырмаларды орындады. Қорытындысында, институтымыздан қатысқан идеологиялық …
16 маусымда «Қадір қасиет» қоғамдық бірлестігі (Астана қ.) түрлі министрліктер мен ведомстволар өкілдерінің қатысуымен әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау институттарымен тетіктерін құру мәселелері бойынша конференция ұйымдастырды. «Адам құқықтары» пәнін міндетті мектеп бағдарламасына енгізу қажеттілігі туралы мәселе бойынша институттың тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі мамандарды даярлау орталығының бастығы п.ғ.к. полиция полковнигі …
Ағымдағы жылдың 15 маусымында институттың біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің ұйымдастыруымен «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сервистік моделі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға институттың біліктілікті арттыру және қайта даярлау курсының тыңдаушылары, ҚР ІІМ-нің ведомстволық оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, Ресей ІІМ-нің Барнауыл заң институты және Ресей ІІМ-нің Орал заң …
|