- Институт
- Оқу-әдістемелік
қызмет - Ғылым
- Кадр және тәрбие
жұмысы - Білім порталы
- Обучающиеся
Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Полицияның қазақстандық сервистік моделін инновациялық дамыту: шынайылықтар мен перспективалар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған іс-шараны өткізу біздің республикамызда болып жатқан ауқымды реформалармен байланысты, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың полицияның қазақстандық сервистік моделіне көшу жөніндегі тапсырмасын іске асыруға, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың …
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтымен 2024 жылдың 30 қазанында офлайн, онлайн режимінде «Педагогтың кәсіби тәлімгерлігі-білім беру сапасын арттырудың кепілі» тақырыбында Республикалық дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға С.Баишев атындағы …
29 қазан күні Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығына бүкіл республиканың ІІО бөлімшелерінің ювеналдық полиция қызметкерлеріне «Ювеналдық полиция қызметінде кәмілетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында онлайн форматта ғылыми семинар өткізілді. Семинарда кәмілетке толмағандардың девиантты мінез-құлқының алдын алу саласындағы сарапшылар ретінде Облыстық психикалық денсаулық орталығының психологі Ж.У.Шинтемирова және …
Оқу ордамызда институт басшылығы мен ардагерлерінің, жеке құрамның қатысуымен салтанатты жиын өтті. Институт бастығы полиция полковнигі Н. Мұхаметқалиев және Халықаралық қазақ тілі қоғамының төрағасы Р. Рахиев елдігімізді айшықтайтын, ұлттық рухымызды көтеретін мерекенің маңызы зор екендігіне тоқталып, құттықтау лебіздерін білдірді. Қызметкерлердің назарына Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.Сәденовтің құттықтау хаты жеткізілді. …
Кеңесте 2024 жыл бойынша полицияның жедел-қызметтік жұмысының қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге негізгі міндеттер айқындалды. Кеңеске басшылық, қызмет бастықтары және жеке құрам қатысты. Жиын барысында Институт бастығы Нұркен Мұхаметқалиев Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденовтің ІІМ алқасының отырысында берген негізгі талаптары мен тапсырмалары туралы баяндады. Жедел қызметтің негізгі бағыттары туралы …
М.Дулатұлы атындағы N63 мектеп-лицейінде “Жас сақшы” полицей сыныбында оқуды ұйымдастыру мен оның артықшылықтарына арналған кадеттермен және олардың ата-аналарымен жиын ұйымдастырылды. Жиында институт бастығының орынбасары полиция подполковнигі Е.Қайнар полицей сыныбында оқыту өскелең ұрпақтың бойында азаматтық, отансүйгіштік және ішкі істер органдарында қызмет етуге кәсіби қызығушылық сияқты қасиеттерді қалыптастыруға және полиция қызметіне қызығушылықтарын …
9-11 октября 2024 года в г.Алматы состоялась Международная научно-практическая конференция «Академическое партнерство – сотрудничество во имя безопасности», посвещенной 50-летнему юбилею Академии Национальной безопасности Республики Казахстан.Актюбинский юридический институт МВД РК имени М.Букенбаева представлял и выступил с докладом «Вопросы совершенствования подготовки специалистов ОВД в сфере противодействия киберпреступлениям» заместитель начальника института полковник полиции …
2024 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстан құру жағдайында адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі ішкі істер органдарының рөлі» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті. Конференция өткізудегі басты мақсат – Әділетті Қазақстан құру жағдайында адам …
2024 жылғы 8-10 қазан аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық құқық және криминология кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Л.А. Жұбандықова және кәсіби психологиялық даярлық кафедрасының оқытушысы полиция подполковнигі С. А. Меңдібаева Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары …
Бүгін институт басшылығы Ардагерлер кеңесінің төрағасы В. Сюняковпен бірлесіп ішкі істер органдарының ардагері Улукпанов Сапаргали Фазыловичті 70 жас мерейтойымен шаңырағына арнайы құттықтап барды. Бүгінде балалары мен немерелерінің ортасында бақытты ғұмыр кешіп жатқан зейнеткер институтта курсанттарға сапалы білім беріп, олардың саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосты. Оқу ордасының басшылығы институттың дамуына …
|
|