- Институт
- Оқу-әдістемелік
қызмет - Ғылым
- Кадр және тәрбие
жұмысы - Білім порталы
- Обучающиеся
Қаһарлы қысты артқа тастап, күлімдеген көктемнің жаймашуақ, жылымық күндерімен де қауыштық. Дәл қазіргі сәт жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер кезі емес пе?! Сонда да күресінге толы өмірдің мезгілге қарамасы анық. Үздіксіз қозғалыс, даму, өсу, өркендеу, тағысын тағы айта берсең көп. Көктемнің алғашқы мерекелері тойланып, күндер кезекпен кезек сырғып жатыр. Барлығы да …
Наурыз мерекесі күні – қасиетті күн. Данышпан ата-бабаларымыз бұл күнді табиғаттың айрықша белгілерін ескере отырып белгілеген. Наурыз айын ерекше қасиеті бар ай ретінде бағалаған. Күн мен түн теңелетін күн, төрт түлік мал төлдейтін ай, табиғаттағы барлық жәндіктер мен өсімдіктерге жан бітетін ай. Қыстың соңы, көктемнің басы жыл құстары келе бастайды. …
Салт-дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт-дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Б.Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбиелеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, …
2017 жылы 16 наурызда ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы А. Г. Игольников криминалистика пәні бойынша «Трасология – криминалистическое учение о следах» тақырыбына ашық дәріс сабағын өткізді. Дәріс сабағына институт басшылығы және профессорлық- оқытушылық құрам қатысты. Оқытушы тақырыптың мәселелерін қарау кезінде, осы …
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесі «Болашаққа қазақ тілімен» іс-шаралар акциясы аясында институттың 1 курс курсанттарына «Сөйлеу әдебі» тақырыбында коучинг-сессия өткізді. Коучин-сессияның мақсаты курсанттарды сөйлеу әдебін сақтауға, қазақ тілінде еркін сөйлей білуге үйрету, тілдік амалдарды қолдану арқылы ойларын анық және түсінікті жеткізуге дағдыландыру …
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 2017 жылдың 7 наурызында институттың акт залында әйел қызметкерлерге арналған салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты шараны институт бастығы полиция полковнигі С.И.Қаракүшев және ІІО ардагері отставкадағы милиция полковнигі С.Р.Рзабеков құттықтау сөзімен ашты. Институт бастығы Ішкі істер министрлігінің атынан алғыс хаттар мен грамоталар, медальдар мен …
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жеке құрамы әйел қызметкерлері арасында спорттық ойындардан эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Жарыс 2017 жылдың наурыз айының 6-сы күні М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының спорт залында өткізілді. Ту көтеріліп, Қазақстан Республикасының Гимні орындалды. Жарыстың ашылу салтанатында Қазақстан …
Қыс мезгілі – жыл мезгілінің ғажайып сәтінің бірі, оны төрт қабырғада қарап отырмай, денсаулыққа пайдалы әрі қызықты етіп өткізуге болады! Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жеке құрамы 2017 жылдың 2 наурызында қысқы спорт түрінен жарыс ұйымдастырды (шаңғы мен қысқы футбол), жарыс аяқталысымен таза ауада ойындар ойыналды, таза …
2017 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған Ғылыми кеңестің кеңейтілген мәжілісі өтті. Ғылыми кеңестің кеңейтілген мәжілісінің жұмысына Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, «Қазақстанның халық банкі» АҚ …
2017 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қабырғасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсеге қабілеттілік» атты Жолдаудың маңызды жақтарын түсіндіру төңірегінде іс-шара өтті. Курсанттар Елбасы Жолдауының бес басымдығымен таныса келе, институционалдық қайта құру, қауіпсіздік және сыбайлас …
|
|