- Институт
- Оқу-әдістемелік
қызмет - Ғылым
- Кадр және тәрбие
жұмысы - Білім порталы
- Обучающиеся
2018 жылғы 27 ақпанда 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай, Облыстық Ішкі саясат басқармасы «Шексіз алғыс» өзге ұлт өкілдері жастарының қатысуымен жастар акциясын өткізді. Шараның мақсаты – жастардың бойында ризашылық пен алғыс туралы түсінікті дәріптеу, жас буынның үлкендерге, кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. Аталған …
2018 жылғы 3 ақпанда «Патон» туристік базасында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ауыспалы құрамы арасында шаңғыдан жарысы ұйымдастырылды. Жарыстың ашылу салтанатында әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының бастығы полиция полковнигі Нұршаев Мейрамхан Дайрабайұлы сөз сөйледі. Жарыстың ережелерімен ауыспалы құрамына әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушылары …
2018 жылғы 23 ақпанда институт бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Д.А.Даулетияров институттың іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында Ақтөбе қалалық көпбейінді колледжінің және Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің студенттері, оқытушылары және тәлімгерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында жастармен ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» …
2018 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тәрбие жұмысы бөлімі елордамыз Астананың 20 жылдығына орай және 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні қарсаңында институттың курсант және тыңдаушы қыздары арасында «Институт аруы – 2018» байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты институттың ару қыздарының өнер өріне талпыныстарын, эстетикалық …
2018 жылғы 23 ақпанда сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының сап алаңында әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушысы полиция майоры Т.Ж.Елемесов тактикалық даярлық пәнінен «ІІО жеке құрамының «қоғамдық тәртіпті топтасып бұзу» кезіндегі іс-әрекеті» атты №3 тақырып бойынша ішкі істер органдарының қатардағы және кіші басшы құрам …
2018 жылғы 05 ақпандағы елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойын атап өтуге арналған іс-шаралар жоспарының 1-тармағын орындау мақсатында 2018 жылғы 22 ақпанда сағат 16.00-17.00 аралығында институттың акт залында жедел іздестіру қызметі кафедрасы және тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының Дін істері басқармасы ММ «Аңсар» ақпараттықталдау орталығының теолог-маманыРазақ Тастанбек Нұрмұхаметұлының қатысуымен институт …
2018 жылғы 22 ақпанда М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті базасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың алдын алу бағытында дәріс оқыды. Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушылары полиция полковнигі Б.С.Есмағанбетов пен полиция капитаны А.Ж.Қиюбек дәрігер-студенттердің қызығушылығын оятты. …
12 ақпаннан бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында әр облыстың МКҚБ бөлім бастықтары біліктілігін арттыру курсынан өтуде. 21 ақпан күні арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларына тәжірибелік қызметкерлермен, атап айтқанда Астана қаласы МКҚБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Т. Төлебаймен, Астана қаласы МКҚБ …
2018 жылғы 20 ақпанда кәсіби және қосымша білім беру факультетінде «Үздік жас оқытушы» сайысының шеңберінде, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция капитаны А.Ж.Қиюбектің ашық дәріс сабағы өткізілді. Дәріс алғашқы дәрігерлік көмек пәнінен «АИТВ/ЖИТС және басқа да аурулардың алдын алу» тақырыбында өткізілді. Ашық дәріс сабағында 3 сұрақ қарастырылды: Қазіргі замандағы …
2018 жылғы 19 ақпанда жоспарға сәйкес күндізгі оқу факультетінің 1 Б курс 101-102 – оқу топтарының курсанттары арасында қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция майоры Л.М.Туребекованың ашық дәріс сабағы өткізілді. Дәріс Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы пәнінен «Қылмыстық процестің міндеттері мен қағидаттары»тақырыбында өткізілді. Ашық дәріс сабағында 2 сұрақ …
|
|