Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жаңалықтар

ҚР Президенті Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша дәріс

23.09.2019

2019 жылғы 21 қыркүйекте ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Ақтөбе қаласының құқықтық экономика колледжінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Марат Қайырханұлы Исламов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушылары үшін дәріс өткізді.