25 мамырда Көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының оқытушы құрамы полиция подполковнигі Д.Р.Мырзабаева және полиция капитаны Қ.Салауатқызы Ақтөбе қаласының Тұңғыш Президенті саябағында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Жас жаяу жүргінші» Акциясын ұйымдастырды. Іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты балалар мен жасөспірімдерде көшелер мен жолдарда тұрақты дағдылар мен қауіпсіз мінез-құлықтарын қалыптастыру болып табылады. Іс-шараға …
Антқа адал, азаматтардың қауіпсіздігін қорғауда өмір мен өлім қатар келген сәтте жанкештілік танытатын ержүрек полицейлердің ерліктері ұрпаққа үлгі. Осыған орай идеологиялық және имидждік жұмыс бөлімі тыңдаушыларға азаматтардың қауіпсіздігі жолында өз өмірін қиған полицейлер жайында мәліметтермен бөлісіп, олардың ерлігі туралы бейнероликті назарларына ұсынды. Бұл болашақ құқық қорғау қызметкерлерінің кеудесінде патриоттық рухтың …
Қазақстанның ұлттық, әскери дәстүрлерін жалғастыру, ұлт мәдениеті бағытында тәлім-тәрбие беру мақсатында идеологиялық және имидждік жұмыс бөлімімен алғашқы кәсіби даярлық курс оқу топтарының арасында саптық ән байқауы ұйымдастырылды. 27 мамырда өтетін саптық ән байқауы финалына іріктеуден өткен топтарға сәттілік тілейміз!
19 маусымда Институтта әмбебап жекпе-жектен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының 7 дүркін чемпионы, Азияның 3 дүркін чемпионы Мұратұлы Айболаттың тыңдаушылармен кездесу өтті. Кездесу барысында спортшы көрме қойылымын ұйымдастырып, қорғаныс техникасын, шабуылдаушы және әмбебап жекпе-жектің аралас тәсілдерін көрсетті. Кейін ол тыңдаушылармен әңгімелесіп, оларға кеңестер беріп, салауатты өмір салтын ұстанудың артықшылықтары …
Бұл мереке Ақтөбе қаласының музейлерінде де ауқымды атап өтілді. Осы орайда еліміздің түкпір-түкпірінен келген алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылары Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалдық музейіне барып, қазақтың батыр қызы туралы естеліктермен, қарулы майданнан сыр шертетін экспонаттармен танысып, оның соғыс жылдарындағы ерліктерін еске алды. Сонымен бірге, институттың жас қызметкерлері …
|