16 маусымда Ақтөбе облысының Тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Мемлекеттік қызметшілер күніне орай жергілікті мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында «Мен – мемлекеттік қызметшімін!» облыстық тілдік іс-шара өткізілді. Байқауға қатысып, «Өзін-өзі таныстыру», «Тарих тағылымында», «Терминдерді білеміз бе?», «Ойтолғау» кезеңдері бойынша тапсырмаларды орындады. Қорытындысында, институтымыздан қатысқан идеологиялық …
Қазақстан полициясы күніне орай полиция қызметкерлерінің беделі мен абыройын көтеру, полиция қызметіне деген құрмет сезімдерін қалыптастыру мақсатында Институтта ерлер арасында әмбебап жекпе-жектен ашық турнир ұйымдастырылды. Жарысқа үш салмақ дәрежесі бойынша спортшылар қатысты, оның құрамында 6 құрама команда – институт тыңдаушыларынан құралған, Ақтөбе облысы ПД, ЖҚЖ қызметкерлерінің командасы, ҰҚК, “ҚР Ұлттық …
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бейбіт өмірдің күзетінде тұрған полиция қызметкерлерін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында, Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының кадеттері арасында «Полиция бізді қорғайды!», «Мен полицей боламын!» тақырыбына шығарма байқауы жарияланған. Шығарма байқауына 80-ге жуық кадет оқушылары қатысты. Әділқазылардың шешімі бойынша үздік деп танылған кадеттердің шығармалары институт тарапынан …
Бүгін, еліміздің әр өңірінен келіп, екі ай қажетті теориялық және практикалық дайындықтан өткен алғашқы кәсіби даярлық тыңдаушылары белгіленген өңірлерге қызметке шығарып салынды. Салтанатты шара барысында саналы тәрбие беруде сіңірген өнегелі істері үшін курс басшылары және топ жетекшілері алғыс хаттармен, оқу бағдарламасын меңгеруде жақсы көрсеткіш көрсеткен және қоғамдық, спорттық жұмыстарда белсенділік …
Бүгін Институтта өткізілген салтанатты жиында Мемлекеттік рәміздер ұлықталып, ортаға қойылды, Әнұран шырқалды. Институт бастығының құттықтау сөзінен соң, мерекелік бұйрық оқылып, қызметкерлерге арнайы атақтар табысталды. Шара қызметкерлер мен тыңдаушыларды ел мәртебесін көтеруге ынталандыруға бағытталған патриоттық іс-шаралардың бір көрінісі.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні “Аяла” өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында шағын-футболдан жарыс өткізілді. Шағын-футбол жарысына Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының кадеттерінен, “Аяла” өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерінен құралған командалар қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлерге институт бастығының грамоталары, кубоктар және сыйлықтар табысталды.
1997 жылдан бері 31 мамыр елде Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде аталып өтіледі. Бүгін, институт қызметкерлері және алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылары Ақтөбе қаласы Түйетөбе басында орналасқан жазықсыз жазаланғандарға арналған ескерткішке басында өткен іс-шараға қатысып, ата-баба рухына тағзым етті. Жиынға облыс әкімі Ералы Тоғжанов, этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік …
Мемлекеттегі радикализмнің алдын алу, діндегі идеологияны дұрыс бағытта қалыптастыру мақсатында “Аңсар” ақпараттық-талдау орталығының теологы Тастанбек Разақовтың Институт жеке құрамымен кездесу ұйымдастырылды. Облыстағы радикалды ағымдардың жүйесін талдайтын орталықтың маманы “экстремизм” және “терроризм” ұғымдарына кеңінен тоқталып, оларға қарсы профилактикалық шаралардың жүзеге асуын түсіндірді. Сондай-ақ, радикалды ағымдардың қоғамға тигізетін әсері жөнінде ой бөлісіп, …
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында оқу ордамызда ұжымның моральдық ахуалын жақсартып, ауызбіршілігін нығайту мақсатында институт қызметкерлерінің жанұялары арасында “Әкем, анам және мен – салауатты отбасымыз!” отбасылық эстафета сайысы өткізілді. Бірнеше кезеңдерден құралған жарыс барысында – Кумакбаевтар отбасы “Өнегелі отбасы” номинациясына лайық деп танылды. – Сапаргалиевтер отбасы …
Балаларды қорғау күні қарсаңында М.Дұлатұлы атындағы №63 орта мектеп-лицейінің кадеттеріне арнап “Ашық есік күні” өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, адамгершілік-рухани құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ полиция жұмысымен танысу және қауіпсіздік шараларын үйрету. Кадеттермен болашақ полиция қызметкерлеріне қойылатын талаптар, полиция жұмысының ерекшеліктері туралы әңгіме жүргізілді. Оқу жылының аяқталуына орай кадеттер …
|