2017 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қабырғасында әйелдер кеңесі қоғамдық құрылымымен бірге, әйелдер ұжымы арасында әйел болмысының ашылуына бағытталған жеке психологиялық тренинг өткізілді. Қызметкер мен тыңдаушыларға тренинг сабақтары өткізілді, тренинг нәтижесі эмоциялық қобалжуды басуға, қызметкер мен тыңдаушылар арасын біріктіруге, оларға ұжымда кездесетін әлеуметтік-психологиялық қиыншылықтарды …
2017 жылдың 16 наурызында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қабырғасында «ІІО қызметкерлерінің арасында суицидтің алдын алу» тақырыбында жұмыс тобының отырысы өткізілді. Отырысқа келесі қонақтар қатысты: Ақтөбе облысы ІІД ЕБГ аймақтық әскери-дәрігерлік комиссиясының эксперт-психологі Владимир Александрович Лебедев; Ақтөбе облысы ІІД ЕБГ психиатры Шамшырақ Қуанышқызы Машанова; Қазақстан Республикасы ІІМ …
Тәрбие жұмысы бөлімінде 2 психолог қызмет атқаратын психологиялық жеңілдеу бөлімшесі жұмыс жасайды. Психологтың жұмысы ҚР Ішкі істер министрінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі №147 бұйрығымен бекітілген ішкі істер органдары инспектор-психологтарының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы ережеге негізделеді. Психологтар қызметінің негізгі міндеттері: 1) ІІО-ға қызметке және ІІМ-нің оқу орындарындағы оқуға қабылданатын адамдардың, ІІО …
|