2019-2021 жылдарға арналған ІІО жаңарту жөніндегі Жол картасының жоспарында полиция бөлімшелерінің кезекші бөлімдерінің қызметкерлеріне ерекше орын берілген. Кезекші бөлім қызметкерінің жұмысы кең ауқымды жұмыс көлемімен, оның қарқынды шиеленісімен, алуан түрлі ақпараттармен және қабылданған шешімдер үшін үлкен жауапкершілік дәрежесімен қатар жүреді. Бұл жағдайда қызметкерлер психологиялық, психофизиологиялық және мінез-құлық деңгейлерінде көрінетін стресстік …
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрдің орынбасары полиция генерал-майоры А.Калайчидидің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 1-7-6-92/438-і нұсқамасына сәйкес, 2021 жылдың 17 наурызында М. Бөкенбаев атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институты кадр саясаты бөлімінің идеологиялық жұмыс бөлімшесінің инспектор-психологтары институттың басшылық құрамына «Суицидтік жағдайлардың алдын алу басқару психологиясы» тақырыбында ұйымдастырылған оқыту семинар-тренинг …
Қызметкерлердің позитивті ойлауын қалыптастыру бойынша психологиялық тренинг жеке тұлғаның күйзеліске төзімділігін арттырудың, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастырудың тиімді әдісі болып табылады. 2021 жылғы 1 наурызда институттың кадр саясаты бөлімінің идеологиялық жұмыс бөлімшесі инспектор-психологтары қызметкерлер арасында “Алғыс айту күші” тренингін ұйымдастырып өткізді. Тренингтің мақсаты қатысушылардың позитивті ойлауын дамыту және эмоционалды күйзелістің алдын …
Қазақстан Республикасы ІІМ №147 2008 жылғы 21 сәуірдегі бұйрығымен бекітілген «ІІО инспектор психологтардың мәртебесі мен өкілеттіктерін бекіту туралы ережесіне» сәйкес 2019 жылғы 5 – 15 маусым аралығында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында бастапқы оқыту тыңдаушыларымен бірігу, танысу және ұжымда тиімді қомандалық қарым-қатынас құру мақсатында психологиялық тренинг өткізілді. Іріктелген …
2019 жылғы12 сәуірдеҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қабырғасында «Армандар. Мақсаттарды дұрыс қоя білу» атты семинар-тренинг өтті. Аталмыш тренингтің лекторы «Halyk invest consalting» ЖШС компаниясының бас директоры, отбасылық қарым-қатынастар тәжірибесімен шұғылданушы, бизнес тренер Ерлан Елеусінұлы Бокушев. Тренингке қатысушылар ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттары болды. Бұл тренинг …
2019 жылғы 31 қаңтарда ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қабырғасында «Отбасылық қарым-қатынас» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Аталған тренингтің лекторы «Halyk invest consalting» ЖШС компаниясының бас директоры, отбасылық қарым-қатынастар тәжірибесімен шұғылданушы, бизнес тренер Ерлан Елеусінұлы Бокушев. Тренингке қатысушылар ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлері болды. Бұл тренинг отбасылық …
2017 жылғы 25-27 қазан аралығында «Қазақстан» санаториясының базасында (Алматы қ.) ведомстволық психолог және полиграфолог мамандардың «Террористік қауіп пен дағдарыстық жағдайдағы ІІО-ның тәжірибелік қызметінің психологиялық-полиграфологиялық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында ІV оқу-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияда Қазақстан Республикасының 200-ге жуық психологтар мен полиграфологтар қатысты. 3 күн бойына мына тақырыптардағы дәрістер тыңдалды: – …
2017 жылдың 21 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы ІІМ ІІД-де «Курсанттар арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға ІІМ ІІД КЖБ-ның аға инспектор-психологі полиция майоры О.И.Солдатенко, ІІМ ІІД ЕБГ эксперт-психологі В.А.Лебедев, ІІМ ІІД ЕБГ психиаторы Ш.Қ.Машанова, ІІМ Ақтөбе қаласының ІІБ ЖППБ инспектор-психологі полиция капитаны О.Н.Хаецкая ІІМ ІІД СОБР инспектор-психологі …
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының өкілі ТЖБ-ның инспектор-психологі Исламгалеева Мадина Расуловна 22.04.2017 жылы Алға аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Алға аудандық әкімшілігінде өткізілген «Әлеуметтік желінің қауіпсіздігі және оның жастарға ықпалы» тақырыбындағы семинар-тренингке қатысты. Семинардың басты мақсаты жастардың әлеуметтік желіге тәуелділігінің алдын алу болып табылады. Семинар қоғамдық бірлестік …
|