29.01.2020
ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты 2020 жылы 29 қаңтарда “Өнер орталығы” концерт залында өткен бос жұмыс орындар форумына қатысты. Іс-шараның мақсаты – жұмыссыздарды және аз қамтылған отбасылардың еңбекке жарамды мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. Форум ұйымдастырушылары – Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту орталығы және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының КСБ бастығы полиция подполковнигі М.Ж. Найманбаев тұрғындарға институттың бос жұмыс орындары мен арнайы бастапқы оқыту курсы жайында толық ақпарат жеткізіп, оларға кітапшалар таратты. Форумға Ақтөбе заң институтынан бөлек, білім беру, денсаулық сақтау, мұнай саласы, құрылыс, сауда және қызмет көрсету саласындағы 75-тен астам ұйымдар мен кәсіпорындар қатысты.
Сонымен қатар, форумда қала тұрғындары үшін түйіндеме жазу және сұхбаттасудан өту бойынша шеберлік сабағы өтті.
ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы АЗИ
ІжСК инспекторы
А.Танкаева














