Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Біздің тәлімгерлер – біздің мақтанышымыз

13.06.2025

Институтымызда “Біздің тәлімгерлер – біздің мақтанышымыз” атты ерекше маңызды кездесу өтті. Бұл шараға институттың Ардагерлер кеңесінің төрағасы В.Сюняков, сондай-ақ курсанттар мен жас мамандар қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу, жас буынға ардагерлердің өмірлік және кәсіби тәжірибесін жеткізу, патриоттық рухты нығайту және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету.
Кездесу барысында В.Сюняков өзінің бай тәжірибесімен бөлісіп, жас мамандар мен курсанттарға кәсіби өсу жолындағы маңызды кеңестерін берді. Ол адалдық, жауапкершілік, білімге деген құштарлық және отансүйгіштік сияқты құндылықтардың маңыздылығына ерекше тоқталды. В. Сюняков тәлімгерлердің қоғамдағы және әрбір адамның өміріндегі ерекше рөлін атап өтіп, олардың білім беру мен тәрбиелеудегі еңбектерін жоғары бағалады. Кездесу соңында ардагер жас мамандарға қызметтік куәліктерін табыстады.