Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Біздің институт тағы да Олимпиада чемпионын қарсы алды

4.11.2021

Дене шынықтыру кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен, институтымыз қазақстандық еркін күрес шебері, еркін күрестен еңбек сіңірген спорт шебері Нұрислам Валентинович Санаевты және Ақтөбе облысының әйелдер грек-рим және еркін күресі федерациясының вице – президенті Дәурен Еркінұлы Жабасовты қуана қарсы алды.

Курсанттармен кездесу барысында Нұрислам Санаев Токио – 2020 Олимпиада ойындары туралы эмоцияларымен бөлісіп, жапон халқының мәдениеті мен дәстүрлеріне тоқталды.