20.05.2019
Мамыр айы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстарының жалғасатын айы болып дәстүрге айналған.
2019 жылдың 18 мамырда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «2019 жыл – Жастар жылы» және «Ақтөбе қаласының 150 жылдығына» орай, патриоттық тәрбие беру мақсатында «Алия» атты ізденіс экспедициясының командирі Гумер Абдувалиевич Галеев пен жастар ізденіс экспедициясының командирі Чингиз Серикович Давлеткереев 1 «А» курс курсанттарымен кездесті. Кездесуді тәрбие жұмысы бөлімімен курс бастығының орынбасары полиция майоры Н.Сүлейменов ұйымдастырды.
Біз кездесуімізді «Біздің есімізде…» деп атадық. Себебі, Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткендер, Ауған соғысына қатысқандар біздің есімізде.
Кездесу барысында қонақтар курсанттарға ізденушінің өміріндегі көптеген қызықтарды, олардың жетістіктері және өткізілген қазба жұмыстары туралы айтып өтті.
Курсанттар кездесуді жанды пікірталас ретінде өткізді. Қонақтардың әңгімелерін үлкен қызығушылықпен тыңдап, іздеңіс жұмыстары туралы бейне фильмдерді қарап сұрақтар қойды.
Кездесу соңында ізденушілер жастарға ақжолтай тілегін айтып, соғыссыз өмір, бақытты болашақ тілей отыра курстан Даңқ бұрышын ашуға арналған «О павших в Афганистане» атты кітаппен Ұлы Отан соғысы кезінен қалған келесі экспонаттарды табыс етті:
1) фляжка;
2) Ф-1 жарықшақты қол гранатысының корпусы;
3) мылтықтың екі патроны;
4) дыбыстық ракетасының гильзасы;
5) Дегтярев пулеметінің шомполы.
Курсанттар патриоттық әндер мен өлендерден құрастырып концерттік бағдарламаны дайындап қонақтарға сыйлықтарын табыс етті.
Ерлік пен елдікті паш етіп, жастардың рухын көтеріп, білімге, ізгілікке, адамгершілікке баулу мақсатында ұйымдастырылған кездесу жастарды жігерлендіріп, алдағы асуларға тағы бір серпін берді.
Курс бастығының орынбасары
полиция майоры
Н.Сүлейменов













