Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Біздің чемпионымыз

13.05.2019

2019 жылғы 8-10  мамырда  Қызылорда қаласында Қазақстан чемпионатынан жарыс өтті. Чемпионатта 14 облыстың өкілдірі қатысты. Ақтөбе  облысынан 10 спортшы, соның ішінде ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2«А» курс  курсанты   полиция кіші сержанты Агильманова Лилия Қайратқызы қатысты.

70 килограмм салмақ  дәрежесінде жеңіп  шыққан Лилия шеберлік, шыдамдылық пен төзімділік танытып, әмбебап шайқаста Қазақстанның  үш дүркін чемпионы болды, сол арқылы Қазакстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын және Әлем чемпионы атағын растады. Жарыстардың қорытындысы бойынша  Л.Қ.Агильманова осы күзде  өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды. Біз Лилияға табыс, сәттілік және  болашақта көптеген жаңа жеңістер тілейміз.

2«А» курс бастығының

орынбасары

полиция капитаны                                                                          

С.П. Орағалиев