Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Білім күнімен №41 мектеп оқушыларын құттықтау үшін мектепте өткен салтанатты жиынға қатысты.

1.09.2025

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының басшылығы Білім күнімен №41 мектеп оқушыларын құттықтау үшін мектепте өткен салтанатты жиынға қатысты.
Институт басшылығы оқушыларға, мұғалімдерге және ата-аналарға Білім күнімен құттықтау сөздерін арнап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Өз сөзінде білімнің адам өміріндегі маңыздылығын және оның жарқын болашақ үшін негізгі өмірлік кезең екенін атап өтті.
Салтанатты іс-шара барысында оқушыларды Отанды сүюге, тәртіп сақшылары болуға және елдің дамуына үлес қосуға шақырды. Сонымен қатар, мектеп пен институт арасындаға ынтымақтастықтың маңызды нәтижелерін атады.
Іс-шара соңында институт басшылығы мектеп ұжымына шығармашылық табыс, шәкірттеріне биік белестерді бағындыруға тілектестігін білдірді.