Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Білім беру жүйесіндегі адами капиталдың сапасын жақсарту-жаңашылдықты талап етеді

12.12.2017

Қазіргі кезеңде бүкіл әлемдік қоғамда болып жатқан өзгерістер адам өмір сүріп жатқан ортадағы барлық саланы, соның ішінде, білім беру саласын да қамтып отыр.

Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып жан –жақты терең білім беру, соның нәтижесінде білікті маман даярлауға бүкіл әлемдегі өркениетті дамыған елдер ат салысуда.

Білім беру жүйесіндегі жаңашыл технологияларды қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде.

Елбасы биылғы Жолдауында біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру және оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет екендігін көтерген болатын.

Сондықтан қазіргі білім саласындағы өзекті мәселе — әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыру болып табылады. Ол қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына жатқызылып келеді. Себебі, қоғамның әлеуметтік – экономикалық міндеттеріне сай өскелең ұрпақты өмірге бейімдеудің жаңа бағыттары туындап отыр.

Оқу үрдісіндегі жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеру, кәсіби құзыреттіліктің жоғары деңгейде болуы заманауи мәселе. Сондықтан жаңа инновациялық технологиялар заманына көшкен еліміздің ұрпағы үшін жастарға білім алумен қатар меңгерген білімдерін жаңа бағытта шыңдуларына  көп мән берілуі тиіс.

Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты жаңа технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.

Сонымен қатар,  құқық қорғау органдарына қарасты ведомстволық білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жаңашылдық идеясы- мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа технологияны еңгізуді, жаңа технологияны меңгеруді кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуын жүктейді.

Құқық қорғау органдарының ведомстволық оқу орындарындағы атқарылатын жұмыстар оқу процесіне IT-білімді белсенді енгізу, сыни ойлау қабілетін және ақпаратты өз бетімен іздестіру, жаңашылдықтарды қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталып отыр.

Болашақ құқық қорғау органдары қызметкерінің этикалық бейнесін қалыптастыру, адамгершілік қасиеттері жоғары үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеп шығару – болашақ кепілі.

Бұл ретте, адами капитал сапасын жақсарту айрықша мәнге ие. Демек, жаңартылған білім беру жүйесі арқылы білім алушылардың ізденіс және шығармашылық, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыта отырып, алған білімдерін өмірде де қолдана алуына ықпал етеді.

Яғни, білім саласы экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналды. Өскелең ұрпақтың сыни ойлауы мен өз бетінше ізденуіне толық мүмкіндік берілді.

 

ЖҚП кафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры З.З. Нұрыш