Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Білім беру ұйымдарында булилингтің алдын алудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел

31.03.2022

2022 жылдың 31 наурызы күні Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларымен және “Криминалист” ғылыми үйірмесінің мүшелері бірлесіп “Білім беру ұйымдарында буллингтің алдын алудың өзекті мәселелері” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

​Пікірталас шеңберінде балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша алдын алу шараларын жетілдірудің өзектілігі, отандық заңнаманы одан әрі дамыту және білім беру ұйымдарында алдын алу саласындағы заманауи саясаттың үрдісі мәселелері қозғалды.