Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларына берілген электрондық сертификаттың тұсаукесері

9.07.2021

09.07.2021 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ КЖД ведомстволық білім беруді ұйымдастыру басқармасының басшылығымен ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларына берілетін электрондық сертификаттың тұсаукесерін өткізді. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы ІІМ ведомстволық оқу орындарының өкілдері қатысты.
Тұсаукесерге дайын сертификатты дайындаудың үш кезеңі кірді: құжаттың электрондық нұсқасын қалыптастыру, электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен құжатқа қол қою және дайын құжатты тексеру.
Таныстырылым барысында қатысушыларға электрондық құжаттарды өз бетінше тексеру мүмкіндігі ұсынылды.
Институттың бастамасын барлық қатысушылар қолдады және оны олар тарапынан жаңа бастаманы әрі қарай жетілдіру бойынша ұсыныстар алынды.