20.02.2020
2020 жылдың 20 ақпанында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының «Көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру» кафедрасының бастығы полиция полковнигі Ж.А.Аюпов Көліктегі полиция департаментінің желілік полиция бөлімдері бастықтарының орынбасарларының біліктілігін арттыру курсы тыңдаушыларына Ақтөбе станциясындағы ЖПБ шығу сабағын өткізді.
Оқу сабағы барысында жоғарыда аталған полиция бөлімінің түрлі қызмет жұмыстарымен танысып, жеке құрамымен көлік объектілеріндегі инфроқұрылымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында тәжірибе алмасты.
Сонымен қатар, Ақтөбе станциясындағы ЖПБ мұражайын аралап, осы желілік полиция бөлімінің тарихымен танысты.
«Көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру»
кафедрасының бастығы
полиция полковнигі
Ж.А.Аюпов









