27.11.2017
2017 жылғы 13 – 25 қараша аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында КІІД КБ, ЖІІБ(б) жедел кезекшілері, аға инспектор-кезекшілері, инспектор-кезекшілері біліктілігін арттыру курсын оқып, аяқтады.
Біліктілікті арттыру курсында оқу процесі бекітілген оқу және тақырыптық жоспарлары негізінде өткізілді.
Тыңдаушылардың оқу бағдарламасын тәжірибемен байланыстыру үшін 2017 жылғы 23 қарашада Ақтөбе қаласының құқық қорғау органдары мен өзге де мекемелеріне шығу сабақтары ұйымдастырылды. Мысалы, әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі М.Избасов тыңдаушыларды Ақтөбе облысы ІІД кезекші бөліміне апарып, тәжірибе алмасу мақсатында шығу сабағын өткізсе, жедел іздестіру қызметі кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры С.Тулеев Ақтөбе облыстық ІІД Жедел басқару орталығына апарып, оның жұмыстарымен таныстырып қайтты. Сабақ барысында оларға жаңа техниканың жетістіктері мен қызметтік мүмкіндіктері туралы кең мағлұмат берілді.
2017 жылғы 24 қарашада ғылыми зерттеу жүргізу және жедел іздестіру кафедрасы апталығын өткізу шеңберінде біліктілік арттыру курсы тыңдаушыларының, сондай-ақ, институт басшылығының, профессорлық-оқытушылық құрамының, құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен институт базасында «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-әрекет саласындағы адам құқығын қорғаудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Тыңдаушылар сабақтан тыс уақытта институттың жалпы кітапханасында өзіндік дайындық өткізуімен қатар, олар облыстық Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрына барды, Кеңес Одағының батыры А.Молдағұлова атындағы мұражаймен танысып және батырдың ескерткішіне тағзым етіп, Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
Курс аяқталған соң, тыңдаушылар өткен тақырыптар бойынша емтихан тапсырып, оларға курсты толық оқып аяқтағандығы туралы сертификат берілді.
КжҚБФ аға оқытушы-әдіскері
полиция майоры
А. Сагынтаева