Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Біліктілігін арттыру курсының тыңдаушылары қан тапсырды.

22.02.2019

     2019 жылғы 21 ақпанда «Желілік полиция бөлімдері бастықтарының орынбасарлары», «Патрулдік полиция полицейлері» «Ұлттық ұланның әскери қызметшілері» санатар бойынша біліктілігін арттыру курсына келген тыңдаушылар кәсіптік және қосымша білім факультетінің бастығы полиция полковнигі С. Гизатовпен бірге науқас адамдарға көмек көрсету үшін Ақтөбе облыстық қан орталығына барып қан тапсырды. Айта кету керек полиция полковнигі С.Гизатов 2012 жылдан бері аталған Орталықтың доноры.
     Біздің ойымызша әрбір адам өз өмірінде ең болмағанда бір рет донор болып, осы тәріздес акцияларға қатысуы керек. Біздің тыңдаушылардың акцияға қатысып қан тапсырулары-өзге де мемлекеттік қызметкерлерге үлгі болары ақиқат.

КжҚБФ аға оқытушы-әдіскері
полиция майоры
А.Сагинтаева