22.02.2020
2020 жылы 17-22 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Қазақстан Республикасы ІІМ Көліктегі полиция департаменті желілік полиция бөлімше бастықтарының орынбасарлары біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Тыңдаушылар біліктілікті арттыру курсынан өту кезінде көліктегі полиция қызметін реттейтін заңнамаларды және оларды жетілдіру туралы сұрақтарды қарастырды.
Тыңдаушылар біліктілікті арттыру курсын аяқтағаннан соң кешенді тестілеу тапсырып, оқуды бітіргендігі туралы сертификат табысталды.
БАжКҚДФ оқытушы-әдіскері
полиция подполковнигі
Қ.А.Бүркітбаев









