Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Біліктілігін арттыру курсы тыңдаушыларының бір апталық оқу курсы

18.02.2019

2019 жылғы ақпан айының 11-16 аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында білім беру ұйымдарына бекітілген учаскелік полиция инспекторлары біліктілігін арттыру курсынан өтті.
Білікітілігін арттыру курсындағы оқу бағдарламасы оқу және тақырыптық жоспарға сай өтті.
Институт басшылығы оқу сабақтарынан өзге уақыттарда тәрбиелік іс-шараларға да басты назар қойды, сондықтан барлық алты оқу күні тыңдаушылар үшін сапалы да қызықты өтті.
Бірінші күн тыңдаушылар үшін саптық тексерістен басталды, олардың әскери-қызметтік киімді киюі тексерілді.
12 ақпан күні КжҚБФ аға оқытушы-әдіскері полиция майоры Д.Тулеуов Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
13 ақпан күні институт психологі полиция лейтенанты М.Исламгалиева тыңдаушылардың өзара танысуына, ұжымды бірлікке шақыруға бағытталған тренинг өткізді.
14 және 15 ақпан олар үшін патриоттық тәрбие аясында өтті. Тыңдаушылар облыстық Т.Ахтанов атындағы драма театрына, А.Молдағұлова атындағы мұражайға, институт мұражайына барды, Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуына 30 жыл толуына орай «Ауған асуында от кешкендер» атты  тәрбие сағаты ұйымдастырылып өткізілді.
Тыңдаушылардың оқу бағдарламасын тәжірибемен байланыстыру үшін Ақтөбе  қаласының  құқық  қорғау органдары мен өзге де  мекемелеріне тысқа шығу сабақтары ұйымдастырылды. Мысалы, әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі  М.Избасов Ақтөбе облыстық ПД  Алматы ауданының №22 П Бапарып, олардың жұмыстарымен таныстырып, тәжірибе алмасу мақсатында шығу сабақтарын өткізді.
Біліктілігін арттыру курсы аяқталған соң тыңдаушылар оқыған тақырыптары бойына тесттік сұрақтарға жауап берді және аталған курсты оқып, аяқтағандығы жөнінде сертификат берілді.

Оқу тобының кураторы
полиция майоры
Д. Тулеуов