Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Семинар-тренинг “Персоналды басқару”

5.10.2021

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бөлім басшылары 2021 жылдың 27 қыркүйегінен 01 қазанына дейін полиция подполковнигі Н.А.Чупринюк және полиция подполковнигі Ж.А.Жукаева онлайн режимде Түрік Полиция академиясы (Анкара, Тurкеу Police Academy) ұйымдастырған “Персоналды басқару” семинар-тренингке қатысты. Оқу кезеңінде нұсқаушылар Шенол Япрак, Мерве Айше Акбулут, Ибрахим Атачпен бірге персоналды басқарудың әр түрлі аспектілері талқыланды: адами ресурстарды басқарудың принциптері мен функциялары; басқарудағы көшбасшылық және команда құру; өндірістік процесс кезінде оқыту, кадрларды іріктеу және бөлу; кадрлық жұмыстағы қателіктер және тұйыққа тірейтін стратегиялар. Оқыту соңында тараптар ұйым қызметінің тиімділігі туралы пікір алмасты.