Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Бейбіт күннің батырлары

17.06.2025

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қабырғасында “Заң мен тәртіп” және “Ерлік ел есінде” тақырыптары аясында үлгі тұтатын қайсар азаматтармен кездесу өтті. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен “Ерлігі үшін” мемлекеттік наградаларын алған полиция қызметкерлері – полиция капитаны Салимгереев Нұрхат Қайратұлы, полиция капитаны Кемельтаев Дархан Нағашыбайұлы, полиция майоры Әділханов Есполат Ерланұлы. Курсанттар “Бейбіт күннің батырларымен” жүздесіп жасалған ерліктің көпке көрінбеген тұстарымен танысты. Полиция қызметінің сын сағатында қандай сезімде болатын жағдайларын көз алдарына елестетіп ерлік жасаған қызметкерлердің әрекеттеріне тәнті болды. Тәлім тәрбиесі мол кездесудің маңыздылығы ерекше болды. Курсанттар көптеген сұрақтар қойып, батырларымыздың нағыз үлгі тұтатын азаматтар екендігін жасырмады.