28.12.2021
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша үндеуі шеңберінде 2021 жылғы 13-25 желтоқсан аралығында қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі Н.Т. Саханова, сондай-ақ кафедра доценті – полиция подполковнигі Е.А. Церковнова ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметтерінің анықтаушылары, инспекторлық құрамы және қызметкерлері үшін онлайн форматта, Zoom платформасы арқылы ҚР Қылмыстық-процестік заңнамасын зерделеу бойынша сабақтар өткізді.
Сабақтар ағымдағы жылдың маусым айында Мемлекет басшысының ТЖМ бөлімшелеріне өрттер туралы істерді тергеу бойынша өкілеттіктер беруді көздейтін заң жобасына қол қоюына байланысты ТЖД қызметкерлерінің сотқа дейінгі тергеу жүргізу дағдылары мен білім алуы мақсатында өткізілді.
Сабақтарда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізудің жалпы шарттары, тергеу әрекеттері, дәлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау және пайдалану ерекшеліктері, қағидалары мен заңдылықтары, күдіктінің іс-әрекеттерінің біліктілігі, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталуы және т.б., сондай-ақ тергеп-тексерудің қазіргі заманғы техникалық, тактикалық және әдіснамалық тәсілдері мен әдістерін пайдалану мүмкіндіктері қаралды.











