Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларымен сабақ өткізу

20.02.2020

2020 жылғы 20 ақпанда ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында әкімшілік полиция лауазымына арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларына жергілікті полиция инспекторы қызметі туралы кезекті сабақ өткізілді.

Учаскелік полиция инспекторының әкімшілік – юрисдикциялық қызметі туралы дәріс сабағы барысында алынған теориялық білім ІІО ӘҚ кафедрасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Р.С.Ізбас Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Қарғалы ауданы ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Е.А. Балмағамбетовпен бірге 9-взводта өткізген тәжірибелік сабақта бекітілді.

Учаскелік полиция инспекторы Е.А. Балмагамбетов өзінің тәжірибелік жұмысымен бөлісе отырып, соның ішінде, әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілім жүйесіндегі болашақ полиция қызметінің жұмысына ерекше назар аударды. Сабақ барысында жоғарыда аталған взводтың әр тыңдаушысына тәжірибелік сабақта қолданылатын планшетте жеке жұмыс жасау дағдыларын игеруге мүмкіндік берілді.