Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Балалар жол көлік жарақаттарының алдын алу шаралары

26.10.2017

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2017-2019 жылдарға арналған құқықбұзушылықтардың алдын алудың кешенді жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2017 жылғы 25 қазанда Ақтөбе қалалық №30 орта мектептің базасында 5-7 класс оқушыларының арасында әңгімелесу ұйымдастырылып, жол көлік оқиғасын төмендету, сонымен қатар, балалардың жол көлік жарақаттарын алдын алуға бағытталған үгіт-насихат ақпараттық іс – шаралар өткізілді.
Жол көлік оқиғасын алдын алуға бағытталған жұмыстар жүйесі белгілі бір мақсатқа және берілген тапсырмаларды орындауға бағытталған.
Жол көлік оқиғасын алдын алуға ұйымдастырылған жұмыстар әр оқушымен жеке ерекшеліктері арқылы ескеріліп, жас кезеңдеріне қарай сараланды.
Кездесу «Қозғалыс қауіпсіздігі-жол қауіпсіздігі» тақырыбында бейнеролик көрсетумен жалғасты.
Осыған орай, аталған іс шараны ұйымдастырушылармен «Көшеде және жолда жол қауіпсіздік ережелерін білеміз» тақырыбында практикум өткізілді.
Жол қауіпсіздігі ережесі бойынша тікелей әлеуметтік бағытталған алдын алу жұмыстарын қорытындылай келе, аталмыш шаралардың оқушылар арасында балалар жол көлік жарақаттарын төмендетуге, олардың денсаулығын сақтауға, ең бастысы өмірін қорғауға бағытталады.

ЖҚП кафедрасы бастығының орынбасары
полиция майоры
Т.Ү. Илайков