18.03.2020
2020 жылдың 18 наурызында Қазақстан Республикасы 6-сәуір тергеу органдары қызметкерлерінің күніне орай қылмыстық құқық, қылмыстық процес және криминалистика кафедрасы Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының және М.Дулатов атындағы №63 мектеп-лицейінің кадет сыныптарының оқушыларына “Балалар көзімен полиция мамандығы” балалар сурет байқауын жариялайды.
Конкурс шарттары: 1) байқау қашықтықтан өткізіледі; 2) суреттің форматы А3, орындау техникасы автордың қалауы бойынша (қарындаш, акварель, гуашь, балауыз борлары, фломастерлер және т.б.); 3) суреттерді WhatsApp нөміріне жіберу: 87784603527, суреттің төменгі оң жақ бұрышында келесі мәліметтер көрсетілу тиіс: автордың аты-жөні, мектеп нөмірі және сыныбы; 4) конкурстық жұмыстар келіп түсуіне қарай ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ-ның ресми. Instagram – aui_mvd_rk_04 парақшасына орналастырылады;
5) конкурс жеңімпаздары конкурстық жұмыстарды дауыс берген жазылушылардың дауыстарын есептеу жолымен 3 номинация бойынша анықталады; 6) конкурс қорытындысы 2020 жылдың 5 сәуірінде шығарылады, жеңімпаздар жарияланып, естелік сыйлықтар табыс етіледі









