5.11.2020
2020 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты ІІО әкімшілік қызметі кафедрасы бастығының міндетін уақытша атқарушы полиция подполковнигі Аманғали Сүгірұлы Махмутов 3-курс 302-оқу тобының курсанттарымен «ІІО әкімшілік қызметі» пәнінен №10 “Бұқаралық іс-шаралар өткізу кезіндегі қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ІІО қызметі “ тақырыбындағы ашық семинар сабағын өткізді.
Семинар сабаққа институттың кәсіби даярлық факультетінің және оқу-әдістемелік орталығының оқытушы-әдіскерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Семинар сабақ барысында курсанттар спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық және мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезіндегі қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ІІО қызметінінің құқықтық негіздері және осы іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ІІО қызметі туралы сұрақтарды талқылады.
ІІО әкімшілік қызметі кафедрасы бастығының
міндетін уақытша атқарушы
полиция подполковнигі
А.Махмутов










