7.08.2024
Бүгін жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Сайтбеков Айдар Муталикович М. Бөкенбаев атындағы ІІМ Ақтөбе заң институтында болды.Институт жеке құрамымен кездесу өткізді, кездесу барысында Ішкі істер министрінің атынан институт қызметкерлеріне алғыс білдіріп, жас қызметкерлерді тәрбиелеудегі оқу орындарының жұмысын жетілдіру және тиімділігі мәселелеріне тоқталып, қызметтік тәртіпті сақтау полиция қызметкерінің кәсібилігі мен жалпы мәдениетінің маңызды көрсеткіштерінің бірі екенін атап өтті.